29
январь
2021
«Мен отбасылық зорлық- зомбылыққа қарсымын»
2020-2021 оқу жылы бойынша ТІЖО Г.С.Анаркулова, әлеуметтік педагог Г.Ж.Рахымбаева, психолог А.М.Исагожаеваның ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық - зомбылықтың, отбасындағы тұрмыстық зорлық -зомбылықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдер арасында бейнероликтер көрсетіп, оқушылардан жасырын түрде сауалнама алынып, балалардың көзқарастары анықталды. 9- сынып оқушылары Нұрмаш Айсұлу мен Буркеева Жания «Мен отбасылық зорлық- зомбылыққа қарсымын» тақырыбында баяндама оқып, оқушылар арасында пікірталас ұйымдастырылды.