11
сентябрь
2017
Алғашқы қоңырау "Мен - өз елімнің патриотымын"
«Келісемін» «Бекітемін Еңбекшіқазақ аудандық Таутүрген орталау білім бөлімінің басшысы мектебінің директоры Б.М.Аманова К.К.Карбузов
“Мен-өз елімнің патриотымын” атты Білім күні мерекесіне арналған іс шараның жоспары
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.
2. Қонақтардың орналасуы.
3. Салтанатты жиынды ашу.
4.Мемлекеттік Гимннің шырқалуы.
5. Мектеп директорына сөз беру.
6.1 және 9-сынып оқушыларының әдеби сазды арнаулары.
7. Құтықтаулар.
8. Алғашқы қоңырау үнімен мектепке қадам.
Жүргізуші: Алтын шапақ шашыратып көгінен , Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен. Балапандай ұясына асыққан, Шәкірттерін шаттандырып сеніммен!
Құрметті жиналған қауым!
Жүргізуші
Дәстүрлі Білім күні мерекесіне арналған “Мен-өз елімнің патриотымын” атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер! Барлықтарыңызды бүгінгі Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші
Өмір бойы бір өзіңді жыр етем, Бір өзіңде бақыт, білім, берекем. Шәкірттерің өрістесін өрлесін, Құтты болсын білім күні мерекең!
Жүргізуші
Қуаныш бүгін мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Мектепке келген алғашқы , Жас досым саған мың сәлем!
Дәл осы сәтте жүректері лүпіл қағып бірінші сыныпқа келіп тұрған жас бүлдіршіндерді апайлары Сауытбекова Баян Бақытжанқызымен зор қошеметпен қарсы алайық!
Салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!
Мемлекеттік Гимннің шырқалуы
Жүргізуші
Абзал жан биік тұлға байсалды, Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды. Бүгінгі салтанатты шақта бұл, Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды! Сөз кезегі мектеп директоры Карбузов Қуандық Қожанұлына беріледі.
Жүргізуші
9-сынып қыздар тобының орындауында «Ұстазым менің ұстазым» әні өздеріңізге арналады.
Жүргізуші
Өрендер кетер сендерден енді балалық, Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол алып. Көк туын елдің желбіретер бол, азамат Аға болып бүлдіршінге енді тілек айт!
Әділет Алтын ұя киелі шаңырағым, Мен өзіңе қашанда табынамын. Есіңе мәңгі сақтарсың, Алғашқы қоңыраудың соғылғанын.
Карина Алғашқы келген бүлдіршін, Құтты да болсын қадамың. Төбеңде бейбіт күн күлсін Төмендемесін талабың.
Камшат Қоңырау сылдырла асыға, Үн қосқан қиядан асуға. Білім ал, еңбек ет жас ұлан , Өрле сен биік шың басына.
Алуа Құтты болсын аттаған қадамдарың, Ұзақ болсын бастаған сапарларың. Ел намысын ақтайтын ұл-қыз болып, Орындалсын өмірде армандарың.
Аделья Құтты болсын алғашқы қадамың, Жағарсың білімнің шырағын. Биылғы жыл ерекше, Ұғарсың оның шын мәнін.
Жүргізуші
Келесі кезекті 1-сынып бүлдіршіндерінің лебізіне берейік.
Рамазан
Жазғы демалыс бітіпті.
Бірінші қыркүйек жетіпті.
Сабақ қызық болған соң,
Барлық бала келіпті.
Ақерке
Мұғалім біздің анамыз,
Анамызды сыйлаймыз.
Айтқан ақыл, білімін
Ықыласпен тыңдаймыз.
Ақмаржан
Мен кішкентай баламын,
Кітап оқи аламын .
Дәптер, қалам, сызғышты,
Сөмкеме өзім саламын.
Нұрқанат
Біздің сынып әдепті,
Бәріне көмек береді.
Біздің сынып әрқашан,
Жетістікке жетеді.
Ернұр
Біздің сынып қашанда,
Алғашқы болып жүреді.
Мұғалімдер барлығы,
Бізді мақтан етеді.
Бота
Кітап оқу бұлағым,
Оқытатын ұстазым.
Кітапта бар даналық,
Оқып біліп алайық.
Ақтілек
Ал бірінші қыркүйек,
Күнсің ғой сен ең тәуір.
Өйткені ол мереке,
Бірінші күн ерекше.
Шыңғыс
Сәлем саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу,білім,тәрбие
Ой санама еккенсің.
Нұрсұлу
Биыл менде мектепке,
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.
Алдияр
Мектеп-қамқор анамыз
Оқып біліп аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!
Айару
Мектебім мынау класым
Осында он жыл тұрамын.
Тарыдай болып кіремін
Таудай болып шығамын.
Жүргізуші
Шарықтасын шат көңілдің алабы, Шат жүрекке ақ тілектер қосады. Дархандай кең біз қонақжай халықпыз, Әрқашанда төрде отырған қонағы.
Сөз кезегін ___________________________________________ береміз.
Жүргізуші
Қандай ғажап қарашы жан-жағыңа, Күміс күлкі симай тұр, қара мұнда. Ата-анадай бар ма екен бақытты жан, Қол жеткізген аңсаған арманына.
Жүргізуші
Жас шәкірт оқушы атанады , Халқынан, ата-анадан бата алады. Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін, Ортаға шақырайық ата-ананы
Құттықтау сөз Дүйсехан әжеге береміз.
Жүргізуші
Ән «Қазақ жері» орындайтын 9-сынып оқушылары.
Жүргізуші
Жүректері тұратын лүпіл қағып, Мұғалімдер оларды күтуде анық. Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп, Осы шақты аңсайды бүкіл халық.
«Мектебім аяулы мектебім» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші
Қоңырау үні сыңғырлап, Естілді жылы жаныма. Күлкідей әсем сылдырлап, Бөбекті жиды маңыма.
Жүргізуші
Білімнің гүлін ашылған, Терумен оқып жүр екем. Бақытқа бізді шақырған Қоңырау даусы жыр екен.
Жүргізуші
Құрметті қонақтар, ата-аналар, стаздар, оқушылар!
Жүргізуші
Қазір ең маңызды сәттің куәсі боласыздар. Қос қызғалдақ бүлдіршін ағаларымен алғашқы қоңырау соғып, Ақжол деген ниетпен ак матаға қадам бастырып, сіздердің қошеметтеріңізбен, қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттайды.
Жүргізуші
Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары, Құтты болсын алғашқы қадамдары! Құтты болсын басталған оқу жылы! Құтты болсын бүгінгі білім күні!
Жүргізуші
Осымен салтанатты жиынымызды аяқтай келе барлық шәкірттерді “Мен- елімнің патриотымын” атты тәрбие сағатына шақырамыз.