ӘП I-II тоқсан бойынша есебі » Таутүрген негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Таутүрген негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :+77277531741
Есепші бөлімі:
+7(7277531741)
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2024

ӘП I-II тоқсан бойынша есебі

Әлеуметтік педагогтың І -ІІ -тоқсан бойынша жұмыс есебі

«Таутүрген негізгі орта мектебі» КММ

2023-2024 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған

жұмысының есебі.


     Мектепте тамыз айының 29 күні бекітілген өндірістік бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды. Сынып жетекшілерден сынып әлеуметтік құжаты алынып, санат бойынша оқушылар тізімге алынып мектеп директорымен бекітілді.

   Тамыз  айында 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын дайындап, пед кеңес шешімі  отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды.

    Оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әр түрлі отбасы жағдайына қарай санат тізім жасалды. Көпбалалы, жартылай жетім төлқұжатты жасалды. Мектеп бойынша баланың жалпы саны – 75. Көпбалалы отбасындағы оқушылар саны 18, жалғыз әкесімен тәрбиеленіп жатқан оқушы саны -3, бір анасымен тәрбиеленіп жатқан оқушы саны 8, толық емес отбасының оқушылар саны -3, қамқорлықтағы оқушы жоқ.

            2023 жылдың 20 қыркүйегінен бастап  1-4 сынып  30 оқушы  тегін жеңіл тамақпен қамтамасыз етілді, оқушылардың тізімі жасалып мектеп директорымен бекітілді. Әр айдың 25 күні жеңіл тамақ ішетін оқушылардың есебін ИП «Ерсарыға» өткізілді және ауданға есеп беріледі. Оқушылардың күнделікті жеңіл тамақ ішуін  және талапқа  сай болуын, тамақты бақылау кестесі құрылып мектеп директорымен  бекітілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Жунусова мен әлеуметтік педагог Г.Ж.Рахымбаева кесте бойынша   тексеру жүргізеді. 

ІІІ - тоқсан басталуында сынып жетекшілерден сыныптардың әлеуметтік құжаттары   қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.



Әлеуметтік педагог: Г.Рахымбаева